Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлау заңнамасы сақталмаса штаб мүшелеріне жүгінуге болады

0 202

Сайлау заңнамасы бұзылса штаб мүшелеріне жүгінуге болады. Ол үшін кез-келген дауыс беруші «Қазақстан заңгерлер одағы» деген сайтқа кіріп, шағым қалдыра алады, немесе көрсетілген телефон нөміріне хабарласу қажет. Бұл туралы «Адал Сайлау үшін» штабының мүшелері айтты. Заңгерлер президентікке үміткерлердің неліктен талапқа сай болмағанын түсіндірді.

Бұған дейін үш үміткердің талапқа сай болмай шыққаны белгілі. Талғат Ерғалиев пен Мен Фатима Бизақованың мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі 5 жылға жетпеген. Ал Хайрулла Ғабжалилов Қазақстанның тумасы емес. Бұл да сайлау туралы заңға қайшы. Ал Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеу уақытша тоқтатылған. Себебі, ұсынылған құжаттарына қатысты сұрақтар туындаған. Анық-қанығын қазір сот тексеріп жатыр.

 Ермек Әбдірасұлов, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:

Соттан мәлімет түсті. Ұсынатын ұйым хаттама жасайды. Сол хаттама дұрыс жасалмаған. Соттың шешімін күтеді. Соттың ұйғарымымен сот үкімі дейді, ешқандай күмән тудырмай, бәрі дұрыс десе тіркеу процесі ары қарай жалғасады. Содан кейін Орталық сайлау комиссиясы шешім қабылдайды.

«Адал Сайлау үшін» штабы бір ай бұрын құрылды. Заңгерлер саяси шара аяқталғанға дейін науқанның барынша әділ өтуін қадағалайды. Әрі ел аралап, сайлау туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, құқықтық көмек көрсетеді. Штаб мүшелері кандидаттарды тіркеу процесі заңға сай өтіп жатқанын айтады. Жалпы, сайлау заңнамасының бұзылғанына куә болған кез-келген азаматқа штабқа хабарласуға болады.

Марат Башимов, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:

150-бап бар. Сайлау комиссисияна барып, құқық бұзушылық жасалса 4 жылға бас бостандығынан айырылады.. Қазір бәрінде ұялы телефон бар. Ұялы телефон арқылы заң бұзушылықты көріп тұрса, біздің комиссияға жіберсе, орталық комиссия прокуратура, біреу заңды орындамай жатса біз де өзіміз ондай дауды көтеруге мүмкіндігіміз бар. Заман өзгерді. Заман талабына сай бәрі өзгерді.

 

Президент сайлауына әзірге екі кандидат тіркелді. Ол Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы атынан Мейрам Қажыкен. Ал, қалған 6 үміткер қол жинау процесіне кіріскен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.