Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлау учаскесіне түйемен келіп, дауыс берді

0 179

Талдықорғандық түйеші Ұлан Байзақов өзі баптайтын Ойсылқара тұқымын мініп келіп, нөмірі 419 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Оның бұл ерлігіне, халық дән риза болды.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында орын алған саяси дода жетісулықтар үшін мерекенің басындай көрінеді. Қызықты һәм қауырт күннің әрбір сәті әсерлі. Түйешімен қатар, бір топ азамат ән шырқап, дауыс беруге келген тұрғындардың көңіл-күйін көтеруде.

35 жастағы Ұлан 15 жылдан бері түйе асырап келеді. Бұл оның бабадан дарыған хоббиі. Оның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай биік өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет.

Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығып, түйемен балаларды серуендетеді. Кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға құмар. Түйені жалға беру себебі оның жем шөбі әрі дәрі-дәрмегі тым қымбат тұрады. Сондықтан осындай шағын кәсіппен айналысады.

Жетісуда сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Облыс бойынша сайлау учаскелерінің саны 458. Олардың барлығында дауыс беруге арналған жәшіктер бар, дауыс беруге арналған кабиналардың қажетті санымен, жиҺазбен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе керек-жарақтарымен жабдықталған. 418 учаскеде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар жабдықталған. Нашар көретін сайлаушыларға арналған аудиоматериалдар мен трафареттер дайындалды.

egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.