Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлау өткізу кезеңінде қоғамдық пікірге сауал салуды ұйымдастыру туралы

0 445

Қазіргі уақытта ағымдағы жылғы 20 қарашаға тағайындалған ел Президентінің кезектен тыс сайлауы шеңберінде үгіт-насихат кезеңіжалғасуда.

Осы кезеңде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібі заңмен қатаң реттеледі.

Сауал салуды жүргізу құқығын іске асырудың негіздері мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 29-бабында (9-тармақ, бұдан әрі-Конституциялық заң)бекітілген.

Нақты айтқанда, аталған құқықтық нормаға сай қоғамдық пікірге сауал салуды оларды жүргізуде кемінде 5 жыл тәжірибесі бар, сауал салу ниеті туралы ОСК-ны (Орталық сайлау комиссиясын) алдын ала жазбаша хабардар еткен, тіркелген заңды тұлғалар жүргізуге құқылы.

Хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және онда жұмыс тәжірибесі бар мамандар, олар жүргізілетін өңірлер, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша осындай жазбаша хабарламалармен ОСК-ға 7 заңды тұлғажүгінді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пікірге сауал салужүргізуге тыйым салынады.

Бұл ретте, сайлау күні сайлау учаскелерінен шығу кезінде ОСК-ны жазбаша хабардар еткен, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғаларға сауал салуды жүргізуге рұқсат етіледі.

Өз кезегінде, БАҚ сауал салунәтижелерін жариялау кезінде оны жүргізген заңды тұлғаны және сауалсалуға тапсырыс берген және төлеген адамдарды, өткізу уақытын, ақпарат жинау әдісін, сұрақтардың нақты тұжырымын, сұралғандардың санын және сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді БАҚ-та жариялауға дауыс беру күніне дейін 5 күн ішінде және дауыс беру күні жол берілмейді.

Осылайша, ағымдағы сайлау науқаны жағдайында БАҚ сауал салу нәтижелерін а.ж. 15 қарашаға дейін жариялай алады.

Сайлау күні сайлау учаскелерінен шыққанда жүзеге асырылған қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін БАҚ-та жариялау дауыс беру күнінен кейін рұқсат етіледі.

Конституциялық Заңның көрсетілген талаптарын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының тиісті бөліктері бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалар жүргізген сауал салумен байланысты мұндай бұзушылықтардың 2 фактісі орын алды. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Мазмұндалғандар туралы хабарлай отырып, Бас прокуратура, барлық жеке және заңды тұлғаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесінің бұзылуына жол бермеуге, оның ішінде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және жариялау кезінде Конституциялық заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.