Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәслихатының №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау ұйымдастыру мен өткізуге байланысты семинар-кеңес өтті.
Маңызды жиынға №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа тіркелген кандидаттар, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков, Тараз қалалық аумақтық, №22 округтік, №74, №80, №81, №82 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері және жергілікті атқарушы орган мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Басқосу барысында кандидаттарға сенімді өкілдерді тіркеу, оларға қойылатын талаптар, байқаушылардың міндеттері мен кандидаттардың үгіт жұмыстарын жүргізуге және есепшот пен қор ашуға қойылатын талаптар түсіндірілді. Кандидаттар да саяси науқанға байланысты өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
Тараз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы