Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлауға қатысты ақпараттық хабар

0 158

2022 жылы 8-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында Лингвистикалық комиссияның 9 отырысы, оның ішінде 1- ұйымдастыру мәселелері, 8 – кандидаттардан емтихан алу бойынша өтті.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның құрамына көрнекті лингвист-ғалымдар, филилогия ғылымдарының докторлары, кандидаттары, профессорлар, академиктер Ә.Қ.Ахметов, Г.Есім, Ж.Д.Дәдебаев, Д.Қамзабекұлы, Г.С.Құрманбай, А.М.Фазылжанова кірді.

Комиссия мүшелері шешімдерді алқалы талдау өткізіп қабылдады. Кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау тәртібі әділдік пен шынайылықты сақтай отырып, теңқұқылық негізде жүзеге асырылды. Сонымен қатар кандидаттарға емтиханға дайындалуға және комиссия алдында жауап берулеріне қажетті толық жағдай жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.