Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сағынтаев отставкаға кетеді: Алматылықтар желіде таралған ақпаратты талқылауда

0 629

Әлеуметтік желілерде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жақын арада отставкаға кететіні туралы хабар таралуда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қала басшысы отставкаға кетеді” деп жазылған хабарлама «Выход к правде» Telegram-каналында жарияланған.

«Алматылықтар жақында жаңа әкімге ие болуы мүмкін. Сағынтаевтың жақында отставкаға кететіні туралы барлық жерде айтылуда. Құжаттарға қазір оның орынбасары С.Құсайынов қол қойып жүр”, – делінген желідегі хабарламада.

Бұған қоса, әкімнің міндетін уақытша орындаушы деп көрсетілген Құсайыновтың қолы қойылған құжат таралған. Сонымен қатар Telegram-каналда Бақытжан Сағынтаев Алматы облысының әкімі болады делінген.

Өз кезегінде Алматы әкімдігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Әкімдік мәліметінше, Сағынтаев қазір қысқа мерзімді демалыста. Дегенмен, оның қашан жұмысқа шығатынын әкімдіктегілер нақтыламады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.