Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сақтанбасаң, судан келер қауіп көп

0 304

Балалардың жазғы, ересектердің еңбек демалысы көбіне сереуендеумен және шомылу өтетіні белгілі.  Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек.Су әрине – біздің досымыз.  Иә, біздің өзіміз 90 пайыз судан тұрамыз. Бірақ кейбір жағдайларда  су қауіпті болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ересектер мен балалар жазғы кезеңде шомылу маусымында белгілі бір ережелерін сақтау қажет.

Бірінші кезекте балалар тек ересектердің бақылауымен шомылуы керек.  Бұл – негізгі ереже. Сондай-ақ арнайы белгіленбеген жерде суға түсуге болмайды. Тамақ ішкеннен кейін бірден суға түспеу қажет. Арада бір – біржарым сағат өтуі керек. Арнайы қоршаудан өтіп жүзбеңіз. Егер арнайы қоршаулар жоқ болса, онда жағалаудан алыс жүзуге,  зерттелмеген түбі бар бейтаныс жерлерде суға секіруге болмайды.

Ресми мәліметке сүйенсек облысымызда  2022 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша су айдындарында шомылуға қатысты оқыс оқиға тіркелмеген. Статистика сүйенсек былтыр су айдындарында шомылу маусымында 3 оқиға тіркеліп, 4 адам қайтыс болдса, оның 2-і бала. Сондай-ақ бүгінде  шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау және бақылау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істеуде. Сонымен қатар білім беретін мектептерде «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында қашықтықтан ата-аналар мен жоспардан тыс жиналыстар өтті. Басқосу барысында ата-аналарға балалардың суға кету себептері мен балалардың өмірі үшін жауапкершілігі түсіндірілді.  Бұдан бөлек облысымыздағы 435 оқу орындарында аталған тақырыпта ақпараттық стенд орнатылып, тәрбие сағаттары, шығармашылық  конкурстар, ашық сабақтар мен пікір-сайыстар, семинар-тренингтер ұйымдастырылуда. Білім басқармасы тарапынан әзірленген 4 бейнеролик таратылуда. Сонымен қоса су айдындарының демалу және шомылуға қауіпті, жабдықталмаған учаскелерінде «Қауіпті аймақ», «Шомылуға тыйым салынған» және т.б.  тақырыпта 200-ден астам ескертетін, тыйым салатын белгілер және 45 ақпараттық стендтер орнатылды.

Облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменті  қызметкерлерімен бірлесе, көпшілік жаппай демалатын және шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейдтер мен түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Бұл мақсатта 250 рейдтік іс-шара мен 25 жиналыс ұйымдастырылған.

Қорыта айтқанда тұрғындардың судағы қауіпсіздік тиісті мамандардың бақылауына алынған.

Наргиза Сейтназарова,

Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.