«Жаңа басшының жаңаша бағыты»,-деген мақаланы осыдан жыл бұрын жазған едім. Міне, сол жаңа басшы Асхат Алметовтің Сарысу өңіріне қызмет етуге келгеніне өткен жұма күні 1 жыл толды.
Осы жыл ішінде Асхат Алметов өзінің біліктілі, білімділігі мен қатар адами тұрғыда да Сарысулықтарға өзін көрсете білді.Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар деген. Асхат жыл ішінде Сарысудың тумасына айналды десек артықтық етпес.
Сондықтан да Асхаттай құрдасыма еңбек жолында сәттілік, отбасына қуаныш тілеймін.
Жаңа басшының жаңаша бағыты
(Жыл бұрын жазылған мақала)
Жан дауа қысталаң кезеңде демеу болып, аудан тұрғындарының қасынан табылатын Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің де құқықтық тәртіп пен қоғамның қауіпсіздігі үшін тәулігіне 24 сағат қалтқысыз қызмет атқарып, арыз-өтініштерін қанағаттандырып, алғыстарына бөленіп жүрген жайы бар. Күнделікті атқаратын жұмыстарының қиындығына қарамастан, полицейлердің табандылығы, төзімділігі, қырағылығы, қарапайымдылығы, өз істеріне деген сүйіспеншілігі кімді де болса қайран қалдыратыны анық.
Міне, осы айтылған міндеттерді өз бағыты етіп ұстанған азамат жайлы аз-кем айтып өтсек.
Жақында ғана ауданымыздағы полиция бөліміне жаңа басшы келді. Есімі-Асхат Аманқұлұлы Алметов.
Шымыр да батыл жігіт ішкі істер органдарына да қажет еді. Осылайша жоғары білім алып, қызметке орналасады.
Биыл Жамбыл облысына 80 жыл толуына орай өңірде 80 нысан ел игілігіне берілді. Соның бірі — Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешені аумағында ашылған «Даңқты спортшылар алаңы». Аталған нысан әр жылдары спорт сайыстарында ел мәртебесін көтеріп, мерейін асырған спортшылардың құрметіне арнайы орнатылған.
Алаңға қойылған Құрмет тақтасында Жамбыл өңірінен шыққан 145 даңқты спортшы мен еңбегі сіңген 96 жаттықтырушының есімі жазылған. Құрмет тақтасында есімі ерекшеленген Жақсылық Үшкемпіров, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, Бейбіт Ыстыбаев, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов сынды спорт саңлақтарының қатарында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметовтің де есімі белгіленді. Оның себебі, Асхат Аманқұлұлы сонау бала кезден спорттың кикбоксинг, қоян-қолтық күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында, Халықаралық турнирлерде, Әлем чемпионаттарында өнер көрсетіп бірнеше дүркін жеңімпаз атанған. Бұдан кейін спорттық жолын ішкі істер органдарындағы қызметіне ауыстырып, халық тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Күнделікті жұмыстардың нәтижесінде көптеген құқық бұзушылықтар анықталуда, бұл – ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатқан ісшаралар. Аталған бағыттағы жұмыстар Полиция департаменті басшылығының ұдайы бақылауында дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов. Алғашқы қадамдарын елмен бірге бастап, халықтың үніне құлақ асудан бастап жатқан жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, болашағынан мол үміт күтеміз.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы