Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сақ болу зиян тигізбейді!

0 522

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының 101 телефон нөміріне Тараз қаласы, «Көктем» иіні, Абишева көшесіндегі  тұрғын үйдің шатыры өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.  Оқиға орнына Тараз қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру техникасы мен 13 адам жеке құрам, сонымен қатар Кезекшілік өрт сөндіру қызметінің қызмектерлері шығып, өртті 27 минутта жойған. Өрт салдарынан тұрғынүйдің шатыры жойылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар Тараз қаласы, «Самал» (7) м.а. тұрғынүйдің жанында жүк автокөлігі өртенген. Оқиға орнына Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 9 адам жеке құрам шығып, өртті 15 минут көлемінде сөндірген. Алайда өрт салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен кабинасы жойылды.

Дәл осы күні Тараз қаласы, Төле би көшесінде орналасқан киім-кешек дүкенінде өрт оқиғасы болды. Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 9 адам жеке құрам шығып, өртті жарты сағатта сөндірген.  Өрт салдарынан дүкеннің төбе қаптаулары жойылды, киім-кешектер мен аяқ-киімдер зақымдалды. Алайда өрт сөнлірушілер өрттің өзге аумаққа таралуының алдын алды. 

Сонымен қатар өрт сөндіруші-құтқарушылар қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына – 3 рет, тұрғындарға есік ашу жұмыстарына – 3 рет, пеш құбырынан мысықты құтқару жұмысына – 1 рет, полицияға көмек көрсету үшін – 1 рет шыққан. 

Жоғарыда аталған өрт оқиғалары мен өзге де шақыртулар кезінде зардап шеккендер мен жараланғандар тіркелмеген. Қазіргі уақытта азаматтық қорғау қызметкерлерімен өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны анықталуда.  

Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар өрттің соңы өкінішке әкеп соғатынын естен шығармаған абзал екендігін ескертеді. Ал өрт оқиғасы тундағанда «101» немесе «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін еске салады.  

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.