Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сақалды құрылыс»: Уақытында салмайсыз ба, мәселеңіз майшаммен қаралады

0 720

Тараз қаласында бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған нысандар баршылық. Соның ішінде Кеңес өкіметінен қалған «сақалды құрылыстар» көзге шыққан сүйелдей болып тұр. Ал оны сүруден басқа амал жоқ секілді. Себебі мұндай жайсыздыққа байланысты әлеуметтік желіде тұрғындар талап-тілектерін ашық білдіріп жатыр. Былтыр облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше жылдан бері қатталған мәселені бір жағына шығаруды тапсырған. Биыл қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың бастамасымен осы жұмыстар қолға алынды.

35 нысанның құрылысы қашан бітеді?

Бұған дейін қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапы-нан облыс орталығында құрылысы тоқтап тұрған 35 нысанның иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде Рысбек батыр көшесі, №5 мекенжайындағы кәсіпкер Д.Қосалиеваға тиесілі нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, сауда кешені есігін ашқан. Шаһарда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан осындай 11 нысан бар. Мыса-лы, «Салтанат» ықшам ауданы, №3 мекенжайындағы «Ширинкомшарг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын кофехананы биылдан қалдырмай ашуды көздеп отыр. Компания құрылыс-монтаж және сыртқы әрлеу жұмыстарын аяқтап, ішкі әрлеу жұмыстарына кіріскен. Орайы келгенде, біз де серіктестіктің шаруашылық жөніндегі орынбасары Мұхтар Бекбергеновпен байланысып, мән-жайды толығырақ білуге тырыстық.

– Қазір нысанның тек ішкі әрлеу жұмыстары ғана қалды. Оны биыл жыл соңына дейін толық аяқтауға ниеттіміз. Шындығына келгенде, барлық жұмыс қаржыға келіп тіреледі ғой. Кондитерлік фирманың кірісі пандемияға байланысты төмендегені рас. Жылдан-жылға бәсекелестік арту-да. Құрылыс материалдарының бағасы аспандап тұр. Азық-түлік бағасы да өсіп жатыр. Қазіргі ахуалға байланысты тәттілердің бағасын көтерсек, сұраныс тіпті төмендеуі мүмкін. Егер жағдай қалыпты болса, құрылысты тоқтатпай, ертерек пайдалануға берген болар едік. Енді ғимаратты биылдан қалдырмай ашсақ, тұрғындардың бір мезгіл кофе ішіп, тынығатын қолайлы орнына айна-лады деп отырмыз. Шағын кофеханаға серіктестіктің сол маңда орналасқан кондитерлік цехынан тәттілер жеткізу де ойда бар, – дейді Мұхтар Бекбергенов.

Тұрғындар арасында «За линией» деп аталып кеткен аумақтағы Пірманов көшесі, №67 мекенжайында осыдан 13 жыл бұрын дүкен, шаштараз, дәріхана, бильярд және техникалық қызмет көрсету пункті ашылады деп жоспар-ланыпты. Бірақ меншік иесі Зағипа Батенованың ұлы Ерлан Өмірбекұлы құрылысты биыл бастауға мүмкіндік жоқ деп ашып айтты.

– Құрылысқа сәтін салса көктемде кірісуді көздеп отырмыз. Отбасы-мызбен ақылдаса келе, несиеге қабырғасын көтерген нысанды биыл ашудың орайы келмейтіндігіне көзіміз жетті. Әрине, алғашқыда сол несиемен барлық шаруаны қанттай қыламыз деп ойладық. Бірақ бәрі жоспардағыдай болмады. Қаржылық ахуал қиындық туғызып отыр. Біз жоғары пайыз-бен тағы несие алсақ, жығылғанға жұдырық болғалы тұр. Биыл, бұйырса, сол қарызды жыл соңына дейін толық өтеп, келер жылы құрылысты қайтсек те бастауға бекініп отырмыз. Нысан анамыздың атында болған соң, ол қалалық әкімдікке барып, мәселенің барлығын түсіндіріп, өтініш қалдырған. Әзірге нысанның іргесі көтерілген, шатыры жабулы. Қалғаны – тек ішкі жұмыстары. Құрылыс заттары да жылдан-жылға қымбаттауда. Үкіметтен қандайда бір жеңілдіктер қаралса, соны мүмкіндігінше пайдаланар едік, – дейді Ерлан Өмірбекұлы.

Қалада қаржылық жағдайға байла-нысты «қозғалмай» тұрған дәл осындай тағы 22 нысан бар. Бүгінде анықталған нысанның иелеріне сот арқылы шара қолдану үшін барлық деректер қала әкімдігіне қарасты құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесіне жолданған. Соның ішінде екі іс қараусыз қалған. Яғни нысан иелері құрылысты көп ұзамай аяқтайтыны туралы кепілхат берген соң, талап-арыз қайтарып алынған.

Заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүрілуде

Қала аумағында түрлі бағытта салынған 41 дүңгіршек болса, соның 12-сі ғана заңды екен. Бүгінде 17 дүңгіршек сүріліп, қалған 12 заңсыз дүңгіршектің иелеріне қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі ескерту ретінде хабар-лама жолдаған. Сонымен қатар бөлім тарапынан облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасына да дүңгіршекті заңсыз орнатқандарға қатысты шара қолдану үшін хат жолданған. Бұл мәселе бой-ынша қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев те өз ойын ашық білдірді.

– Қала әкімдігінің жауапты бөлімдері әр нысанның құрылысына аса мән беруі қажет. «Қызыл сызықтан» асқан нысандар мен орынсыз қойылған дүңгіршектердің әрқайсысын қала әкімі мен кәсіпкерлер қайдан білсін?! Дүңгіршектер мен «қызыл сызықтан» асқан нысандарға жер бөліп, сызбасын дайындаған – бөлімдер. Сондықтан олар осы мәселені жіті бақылауға алулары тиіс еді, – дейді Батырбек Әбдірәсілұлы.

Биыл каналдардың бойына салынған нысандар туралы да талап-арыздар баршылық. Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Бижігітовтің баяндамасына сүйенсек, зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша кәсіпкерлік бағытындағы алты нысанның заңсыз орналасқаны белгілі болған. Анықталған нысан-дар бойынша қала әкімдігі тарапы-нан облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына та-лап-арыз жолданған. Бөлім мамандары каналдардың қорғалатын аймағында (6 метр қашықтық сақталмаған) заңсыз орналасқан 360 тұрғын үй, қоршаулар және басқа да нысандар бар екенін анықтаған. Сәйкесінше оларға құрылысты бұзу туралы хабарлама жолдаған. Яғни талап бойынша кез келген нысан мен қоршау каналдан 6 метр қашық орналасуы керек. Ал жоғарыда атаған алты нысан – бұл талапты өрескел бұзған кәсіп иелері. Канал болған соң, оның түбі лайланып, қоқысқа толатыны анық. Оған жол бермеу үшін арнайы техникалардың көмегімен тазалау қажет. Ал көктемгі кездегідей толассыз жаңбыр жауса, тағы қала көшелеріне «үйрек ұшып, қаз қона ма?». Сондықтан бұл бағытта анықталған кемшіліктер бойынша үйлесімді жұмыс атқарылса дейміз. Себебі қауіпсіздік мәселесі қашанда бірінші кезекте тұруы қажет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.