Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәулетшілер ұстаханасы

0 211

Сәулет өнерінің даму тарихы өндіріс күштерінің, өндіріс құралдарының және құрылыс техникасының тарихи дамуымен тікелей байланысты. Әрине, қазіргі заманда сәулеттің тарихи дамуына ең бірінші әсер ететін жағдай мамандардың, яғни сәулетшілердің даярлануы, олардың ғылыми деңгейінің өсуі болып саналады.

Ал біздің елімізде сәулетші мамандарды даярлау сонау жылдары Қазақ политехникалық институты болып тұрған кезде қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Ұлттық зерттеу техникалық университетінде басталған. Ол 1961 жыл болатын. Сол жылы алғашқы талапкер қабылданды. Сол алғашқы талапкердің бірі, сәулет өнерінің кандидаты, доцент Қараменді Төлеубек қазіргі кезде ТарӨУ-де кафедрада жұмыс істейді. Ал Жамбыл облысында 2002 жылы техника ғылымдарының докторы, құрылыс профессоры, сәулет өнерінің профессоры Исаков Оңдасын Әбдірашидұлының бастауымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ашылған. Ол өз ынтасымен Білім және ғылым министрлігіне Жамбыл облысына сәулет өнері мамандығының қажеттілігін дәлелдеген. 2002-2003 оқу жылына университеттің қабылдау комиссиясына 8 талапкер құжат тапсырып, оның бесеуі оқуға түскен. Сол жылы оқуға түскен студенттердің төртеуі университетті бітіріп шықты. Олардың қатарында Алшоразов Дидар Маханұлы – ғылым магистрі, ТарӨУ-де кафедрада аға оқытушы қызметін атқарса, Бекжігітов Бағдат Төребекұлы – ғылым магистрі, Алматыда Каспий қоғамдық университетінде директордың орынбасары. Содан бері жыл сайын жүзге жуық, жүзден аса соңғы жылы 175-ке жақын талапкер оқуға түсті. Соңғы 10 жылда мамандарды даярлауда кафедраның дамуы, әлеуетінің жоғарылауы осы кісінің басқаруымен байланысты.
ТарӨУ-дің «Сәулет» мамандығын бітір- ген бірқатар сәулетші мамандар Қазақстанның сәулетіне көп үлес қосуда. Олар: Бақытжан Жүнісбеков – Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Балғын Тұрлыбаева – «Азия тур проект» ЖШС директоры, Алтынай Тулешова – Астана қаласында «BAI BARS» компаниясында директордың орынбасары, Ольга Ашурова – Шымкент қаласында «Jer Group» жобасының бас сәулетшісі. Сонымен қатар облыстың көлемінде және аудандарында сәулетші-жобалаушы болып қаншама ТарӨУ-ді бітіруші түлектер еңбек етіп жатыр.
Студенттер оқу барысында әртүрлі конкурстарға қатысып, жеңімпаз атануда. Қазіргі уақытта «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасында 6В07317-«Тұрғын және қоғамдық үйлер сәулеті» және 6В07318-«Қалалық орта сәулеті» оқу бағдарламалары бойынша бакалавр сәулетші мамандар даярланады. 2021 жылы профессор О.Ә.Исаковтың кафедраға қайта оралып, бастауымен 7М07301-« Сәулет және заманға сай қалалық инфрақұрылым» оқу бағдарламасы бойынша 2 жылдық ғылыми педагогикалық бағыт бойынша және 7М07302-профиль бағыты бойынша 1 жылдық магистратура сәулетші мамандарды даярлауды бастады. Сондай-ақ кафедрада 1 ғылым докторы, сәулет өнері профессоры, 1 сәулет өнері кандидаты, доцент, 6 ғылым кандидаты, доцент, 5 ғылым магистрі, 2 аға оқытушы PhD-докторантурасын бітіріп, диссертацияларын қорғауға дайын. Ал 2 аға оқытушы PhD докторантурасына «Сәулет» мамандығы бойынша оқуға түскен. Мұнда 2 «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы», бір «Қазақстанның Құрметті сәулетшісі» еңбек етеді.

Оңдасын Исаков,
техника ғылымдарының докторы, құрылыс, сәулет өнері профессоры,
Қазақстанның Құрметті құрылысшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.