Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл ауданына іссапармен келді

0 367
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Nur Otan» партиясы мен Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің бірлескен «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас директоры, «Елана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының жетекшісі, қаламын татулықтың сиясына батырған Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл облысы Жамбыл ауданына іссапармен келді.
Экспедицияның негізгі мақсаты – ауылдың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, тұрғындарының талап-тілегін тыңдау, мұң-мұқтажын билікке жеткізу.
Сәуле Мешітбайқызы алдымен аудан әкімі Сәкен Арубаевтың қабылдауында болып, іссапардың негізіне тоқталып өтті.
Еңбегімен еленген Сәуле Мешітбайқызы мұнан соң Аса ауылы М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде аудан ұстаздарымен кездесті.
Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев жүргізіп отырды.
Жиында сөз алған С.Мешітбайқызы адалдықтың жалауын биікке көтерген газеттің бүгінгі қоғамда арқалар жүгі ауыр екенін, ақ пен қараны, әділдік пен жалғанның аражігін ажырататын басты құрал екенін атап өтті.
Өмір атты алып кемеде кездесетін түрлі оқиғалар мен жайттарды оқырманға жантүгершілік етіп жеткізетін қоғамда өмір сүріп жатқанымызды, елдің бірлігін бекемдеп, ауызбіршілікті арттыруға барлығымыз атсалысу керектігінің маңызына тоқталды. Рухани құндылықтар туралы кеңінен жеткізді.
Тыңдаушыға берері мол басқосуда ұстаздар тарапынан қойылған сауалдар назарға алынып, тұщымды пікірлер айтылды. Сондай-ақ, Сәуле Мешітбайқызы Аса ауылындағы Техникалық, шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығына да бас сұқты.Ондағы жұмыстармен танысып, орталық тынысына оң баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.