Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәт сапар, жас түлек!

0 43

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегеновтің соңғы қоңырау мерекесімен құттықтауы

Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер, қадірлі ұстаздар мен ата-аналар!
Сіздерді Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі ерекше күн.
Бұл күн мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Бүгін мектеп бітірушілердің өміріндегі ең маңызды – Соңғы қоңырау салтанаты өтуде.
Аудан бойынша биылғы оқу жылында 267 оқушы мектеп бітіріп, олардың 239-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 8 оқушымыз «Алтын белгіге» үміткер.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
«Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген ұлағатты сөз бар. Тек білім ғана адамға өмір жолын дұрыс таңдауда еркіндік пен өз-өзіне деген сенімділік, табысқа жетуге және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгін Сіздер балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы отырсыздар. Осы жауапты кезеңде өздеріңіздің 11 жыл бойы алған білімдеріңізді дұрыс қолданып, дұрыс таңдау жасауларыңыз аса маңызды.
Бұл жыл аясында мемлекет тарапынан Сіздерге арналған көптеген қолдаулар мен жайлы жағдайлар қарастырылып, жүзеге асырылуда.
Құрметті ұстаздар! Сіздер Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу мақсатында жүргізіліп жатқан білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде жаңа талаптарға сай болуға бағытталған үлкен қызмет атқарып жатсыздар.
Ұстаз алдында бүкіл адамзат бас иіп, тағзым етеді. Өйткені, шәкірттеріне білім, тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.
Қымбатты түлектер!
Сіздер өмір бойы өсірген, оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың сіңірген ұшан теңіз еңбектерін жүректеріңізде ерекше құрметпен сақтап өтеді деп сенемін.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспін! Қадам басып отырған жаңа өмір жолында Сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын деп тілеймін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.