Қазақ халқы сүтті айрықша қадір тұтады. Ақ адал астың қатарына қосады. Берекенің бастауына балайды. «Сауын сиыр – үйдің анасы» дейді. Сондықтан сүт болса, айран да, ірімшік те, сүзбе де, құрт та, бәрі болады. Ең бастысы, тоқшылық болады. Бүгінде сүт шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласына айналды.
Бұл тұрғыдан келгенде, Мойынқұм ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды айрықша атап өтуге болады. Аудан бойынша сүт өңдеу цехінің жоқ болуына байланысты осы бағытты дамыту бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, өңдеу саласын дамыту мақсатында елді мекендер бөлінісінде іс-шара жоспары бекітіліп, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстар жүршізу үшін таратылып берілді.
Бүгінгі уақытта «Ынтымақ» шаруа қожалығының иесі, Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Д.Иманбеков төмендетілген пайыздық көрсеткішпен несие алып «Шағын сүт өңдеу цехын» ашу үшін жұмыс жасауда.
Өндіретін өнім түрі: айран, құрт, ірімшік. Қуаттылығы: күніне 400-420 литр сүтті өңдеу. Шикізат көзі: шаруа қожалыққа тиесілі сауынды сиырлардан сауылған сүт және ауыл тұрғындарынан қабылданған сүт. (1 сиырдан алынатын сүт көлемі 8 литр).
Бұдан бөлек, ауданда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары да жүйеленген. Мәселен, 2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 34 кәсіпкерлік субъектісі жалпы сомасы 464,0 млн теңгеге несие рәсімдеді.
- «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша 19 жоба 374,8 (2020 жыл қорытындысы деңгейінде 15 жобаға артып отыр);
- «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 15 жоба 89,2 млн.тг (2020 жыл қорытындысы деңгейінде 13 жобаға артып отыр).
2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында елді мекендер бөлінісінде іс-шара жоспарлары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқару үшін ауыл, ауылдық окріг әкімдеріне таратылып берілді.
Бүгінгі күнге Мойынқұм ауылы бойынша 4 азаматтың, Мыңарал ауылы бойынша 1 азаматтың, Шығанақ ауылы бойынша 1 азаматтың, Хантау ауылы бойынша 3 азаматтың құжаттары жинақталу үстінде.