Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәкен Майғазиев: Қазіргі азаматтар әйелдері не өсек айтып жатыр екен деп үстінен түсуге дайын тұрады

0 539

Сәкен Майғазиев қазақ халқының қыз баласын еркекше құрметтегені туралы айтты. Әнші қазақ қызын еркелетіп, үкілеп ұстаған деген ойын айта келе, бұрынғының азаматы мен қазіргі ер азаматтарды салыстырып көрді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Майғазиев қазіргі ер азаматтар майдаланып кеткен деген пікірде. Ер азаматтар ұсақ-түйекке мән бермейтін, артық сөзге араласпайтын болған десе, қазіргінің жігіттерінда ондай мінез жоқ екеніне қынжылады.

“Мойындарына моншақ, кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан нәзік жанды келе жатқанын алыстан сезіп, естіп, ер азаматтар артық ауыз сөздерден тыйылып, сүбелі сөз сөйлеп, байсалдылық білдіріп, қызға құрмет көрсеткен. Ер азамат та үйге кіріп келе жатқанда іштегі әйел адамдар жинақталып үлгерсін деген ниетте дыбыс шығарып, жөтеліп (жөткірініп) кіретін болған. Қазір ше? Не істеп, не айтып жатыр екен деп «үстінен түсуге» дайынбыз. Ең болмаса үйге (өтірік) жөтеліп кірейікші. Шамамыздың келгенінше рухани жаңарайық. Жай, аяулы, ардақты Ардақты көргендегі ой ғой”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің сөзін қостап жатыр. Жігіттер жағы өзін ақтауға тырысты. Қазір қылықты қыздар, қазақ қызына тән мінезден ада әйелдер көп деп жазғырды.

“Барлық қыздар осындай киініп жүріңдер десе ғой. Киер едім мен. Каз өзім ғана киіп алсам, елдер есі ауысқан ба? Қазақша көйлек киіп кепті қонаққа дейтін шығар”, “Қазақ қызы көйлегі бар бүрмелі, Шолпысынан білінетін жүргені. Қазақ қызы инабатты, ибалы, Өмірге кеп көзімді ашып көргелі”, “Әке-шешенің айтқанынан шыққан емеспіз. Ешнәрседен құр қалмадық, жаман болмадық та, албырт жастық шақтың қателіктерінде бастан өткіздік, тым өрескел болған жоқпыз. Әженің тәрбиесінде болдық, күнде қаншама ескертулер естісек те, бірауыз сөз қайтармадық. Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Тек болашаққа алаңдаймыз, бәрі жақсы болса екен деп”.

“Осындай сүбелі ой айтатын, дұрыс сөз айтатын сіз сияқты азаматтар көп болсын!”, “Дұрыс айтасыз. Мен қазақ тілін сізге қарап үйрендім Сәкен аға. Мен 10 жыл бұрын тек орысша сөйлейтін едім”, “Сәкен аға ақылдысыз, тәрбиелі азаматсыз! Кейбір ер азаматтарымыз осындай болса ғой, шіркін”, “Қазіргі әйелдер де бұрынғының әйелдерімен салыстыруға келмейді. Олар қандай әже болады? Аузы өсектен, өтіріктен, ұрлықтан аспаған әйел немересіне қалай тәрбие береді?”, “Ер мен әйелі жарыса өсек айтып, біреуді жамандап отырады”, -деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.