Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс сапасы – жіті назарда

0 315

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар нысанды аралап, жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Облыс әкімі әуелі «М-1» жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстарының жағдайын көрді. Жылу желісінің жалпы ұзындығы 6,1 шақырымды құрайды десек, жөндеуге дейін тозу деңгейі 82 пайыз болатын. Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде, ағымдағы жылы жылу желісінің 4 600 метрі жөндеуден өтсе, келер жылы 1 500 метрден астам бөлігі қайта жаңғыртылады деп күтілуде.
Келесі кезекте аймақ басшысы «Түйте» каналын абаттандыру барысымен танысты. Канал «Ұлы дала» шағынауданы мен «Бурыл» алқабы аумағында орналасқан. Бүгінге дейін «СенімҚұрылысСервис» ЖШС каналдың 1 738 шақырымын ретке келтірді. Бірер уақыттың бедерінде каналдың бойы тұрғындар үшін қолайлы демалыс орнына айналмақ. Ербол Шырақпайұлы өз сөзінде Тараз қаласындағы 8 каналды кезең-кезеңімен осылай ретке келтіру бойынша бес жылдық жоспар құруды тапсырды.
Сондай-ақ облыс әкімі қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында Төле би даңғылының бойындағы 11 көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту жұмыстарының сапасын тексерді. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асқан жоба аясында «Қаратау құрылыс-2030» ЖШС-нің мердігерлігімен құрылысқа 110-нан астам жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталған. Енді алдағы уақытта тағы осы бағытта 16 үйді жаңғырту жұмыстары қарастырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.