Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс саласы жіті бақылауда

0 224

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы №15 «Ұлы дала» ықшамауданы мен «Бурыл» тұрғын алқабындағы бірқатар нысандардағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Әуелі «Ұлы дала» ықшамауданында бой көтеретін 1 200 және 2 000 орындық жайлы мектептердің жобасы мен құрылыс аумағын көрген аймақ басшысы маусым айында басталуы тиіс жұмыстардың әлі күнге қолға алынбағанын сынға алып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыс бойынша 7 мектептің құрылысы жүзеге асады.
Келесі кезекте облыс әкімі Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы (№16 жер телімі) 1 200 орындық мектептің құрылысы мен бес қабатты 10 тұрғын үйдің, саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұндағы саябаққа мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылып, балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары салынып, орындықтар орналастырылмақ.
Аталған ықшамаудандағы «Отбасы банк» арқылы пайдалануға берілетін көпқабатты үйлердің аулаларының жағдайымен танысқан аймақ басшысы автотұрақтардың көлемін арттыру қажеттігін ескертті. Сонымен бірге осы аудандағы №21 жер теліміндегі 1 200 орындық мектептің құрылысын мердігерге жаңа оқу жылына дейін аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.
Бұдан кейін Нұржан Молдиярұлы «Бурыл» алқабының бір топ тұрғындарымен кездесіп, мәселелеріне құлақ түрді.
Тұрғындар өз кезегінде жол, абаттандыру секілді мәселелерге қатысты өзекті сауалдарын жолдады. Аймақ басшысы аталған мәселелер 1-2 жылда шешімін табатынын, сол бойынша қазіргі таңда тиісті шаралар қолға алынып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, облыс әкімі барлық құрылыстың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.