Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс қарқыны жыл сайын артуда

0 151

Таразда тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. әтижесінде шаһарда баспана кезегінде тұрғандар саны азайып келеді. Мәселен, бүгінгі таңда облыс орталығында мемлекеттік қордан пәтер алу кезегінде 22 088 азамат тіркелген. Сондай-ақ, Тараз қаласы «Отбасы банк» АҚ-да «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жалпы республика бойынша 51 млрд. теңге қаражат бөлінген. Жамбыл облысы бойынша 1 679 отбасы қатысуға өтініш білдірген. Олардың ішінен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті шешіміне сәйкес, 342 отбасы негізгі тізімге енген. Сонымен қатар, депозитінде 20 пайыз жарна жинақтаған 4 734 салымшы бар.

Осыған орай биыл облыста «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде 2 653 пәтерлі 46 тұрғын үйдің (213,2 мың шаршы метр) құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 2 353 пәтерлі 41 кредиттік тұрғын үй, 300 пәтерлі арендалық тұрғын үй бар. Жыл соңына дейін тағы 2 248 пәтерлі 33 үйдің (174,0 мың шаршы метр) құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Тараз қаласының бас жоспар жобасына 2007 жылы жобалау жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысымен бекітілген. Бас жоспары бойынша қала аумағы 18 787 га құраған болатын.

Бүгінгі күні жалпы жобалау жұмыстары барысында, қала аумағын заман талабына сай дамыту, қадамдық қолжетімділік қалыптастыру, көркейту және жер кезегі мен пәтер кезегіндегі азаматтарды қамту мақсатында, қала аумағына Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты жалпы 14 елді мекен және 2 саяжай қосу жоспарлануда. Олар – Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз, Талас ауылдары, Талаc станциясы, Жамбыл ауданының Шайқорық, Танты, Қоңыртөбе, Ақбұлым, Кемел, Түрксіб, Пригородное, Жалпақтөбе, Қызылшарық, Бектөбе ауылдары мен Шайқорық станциясы бар.

Бас жоспарға сәйкес, қала аумағын Байзақ және Жамбыл аудандары есебінен 12 905,3 га ұлғайту жоспарлануда, нәтижесінде қала аумағы 31 693,7 га құрайтын болады. Қазіргі таңда Тараз қаласының бас жоспарын әзірлеу жұмыстары аяқталып, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетінен» кешенді қала құрылысы сараптама комиссиясының қорытындысы алынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Нормативтік құқықтық актілер ашық порталында талқылау үшін жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметіне қаулысыны бекітуге жолдау үшін ұсынымдарын алуға тиісті мекемелерге хаттар жолданып, «Атамекен» ҰКП, Тараз қалалық Қоғамдық кеңес және Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінен келісім алынды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасынан келісім алу күтілуде.

Ағымдағы жылы Тараз қаласының бас жоспары бойынша екі әкімшілік аумаққа бөлу жұмыстары аяқталды. Халық арасында «За линей» аталып кеткен тұрғын алқаптың халқы қолайлы өмір сүруі үшін және қаламен қарым-қатынасты нығайту үшін 2-ші әкімшілік ауданның әкімшілігі, драма театр, спорттық сауықтыру кешені, сауда ойын сауық кешені, саябақ және оқушылар сарайы жоспарлануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.