Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс қар түспей аяқталуы тиіс

0 317

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков Тараздағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен №15 ықшамауданды жылумен қамтамасыз ету мәселесі сараланды.

Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру үшін қосымша 5,3 шақырым желілері қарастырылған. Жобаға сәйкес жаңа желілер салынып, ескілері ауыстырылатын болады. Мердігер мекеме – «Таразстрой-2004» ЖШС. Бүгінгі таңда 1-ші кезең жұмыстарын аяқтау үшін 137 метр диаметрі 135-тік трубаны ауыстыру жұмыстары қалып отыр. Жұмыстарды қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал 2-ші кезең 2023 жылға өтпелі, жұмыстар республикалық бюджет есебінен жүргізілмек.
Сонымен қатар аталған ықшамаудандағы жеке тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Бүгінде мердігер мекеме электр сымдарын тартуда. Бұл жұмыстар шамамен 15-20 күнде аяқталады деп күтілуде. Одан кейін қала әкімі осындағы жыл соңына дейін тапсырылуы қажет 10 үйдің жағдайымен танысты. Тұрғын үйлердің негізгі жұмыстары аяқталған. Бұл тұрғыда шаһар басшысы нысандарды мерзімінде пайдалануға беру қажеттілігін атап өтті.
Ал, Громов көшесін бұрылыстарымен бірге орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде М.Мәметова мен Байзақ батыр көшелері арасындағы аумақ аяқталуға жақын. Барлық жұмыстар әкімдіктің жеке бақылауында.
Бұдан кейін шаһар басшысы «Тектұрмас» алқабындағы «Ежелгі бекініс» имаратының құрылысымен танысты. Мердігер мекемесі – «Нұр Тұрсын» ЖШС. Құрылыс биыл мамырда басталған. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Имараттың құрылысымен танысқан шаһар басшысы келесі жылы халық көп шоғырланатын бұл аумақты көгалдандыру мен кәсіпкерлік нысандарды орналастыру мәселесіне тоқталды. Жауапты бөлім басшыларына кіреберіске сауда нүктелерін, көлік тұрағын орнату бойынша эскиздік құжаттаманы дайындауды тапсырды.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.