Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс қар астында қалмасын

0 671

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Шаһар басшысы алдымен «Қайнар» тұрғын алқабындағы орташа жөндеу жұмыстары басталған Родниковая, П.Лумумба, Центральный көшелеріне ат басын бұрды.

Онда мердігерлер шағал жол төсеп жатыр екен. Ержан Жұматұлы серіктестік басшылығына жолды мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Бұдан соң қала басшысы Құмшағал шағын ауданындағы №19 орта мектепке бағыт бұрды. Онда 838 оқушы қайта дәстүрлі форматта білім алуға көшкен. Ержан Жылқыбаев мектептің ішін аралап, кабинеттерді көрді. Сондай-ақ мектеп басшылығына оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды екенін ескертті.
Қала әкімі «Арай-2» ықшам ауданындағы №1, №2 үйлердің маңында салынып жатқан балаларға арналған алаңша құрылысының барысын да зерделеді. Демеушілер алаңшаны жаңа үлгіде тұрғындарға жайлы етіп жасауды көздепті. Алаңша қыркүйек айында пайдалануға беріліп, спортпен айналысатын жандар үшін де таптырмайтын орынға айналмақ.
Бұл күні Ержан Жұматұлы абаттандырылып жатқан «Үш бұлақ» каналына және құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Анаға тағзым» орталығына да баруды ұмытпады. Қала басшысы мердігерлермен кездесіп, құрылыс сапасына жоғары мән беріп, нысандарды белгіленген уақытта пайдалануға беруді тапсырды.
Ержан Жұматұлы ең бастысы құрылыс қар астында қалмауы керектігін қатаң ескертті.

Сәндібек Піренов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.