Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс қалдықтарын көшеге тастаған 52 тұрғынға ескерту берілді

0 469

Тазалық – денсаулықтың кепілі, мәдениеттіліктің көрінісі. Әсіресе шаһардың айнадай жарқырауы баршамызға айрықша әсер сыйлайтыны сөзсіз. Әрине, тазалық тек таза ұстаған жерде ғана орнайды.

Алайда, мұны кейбір тұрғындар жете түсінбеуде. Әсіресе, көше бойына құрылыс қалдықтарын тастайтын тұрғындар азаймай отыр. Осыған орай шаһар аумағында 1 мамырдан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық  қоқыс орындарын тазалау  мақсатында бір айлық жарияланған болатын. Айлық аясында қала әкімінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қала көлемінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде. Нәтижесінде, біраптадақұрылыс қалдықтарын көше бойына тастаған 50мекен-жай анықталып, 52-і жеке тұлғаға ескерту берілді. Егерде белгіленген мерзімде тиісті жұмыстар атқарылмаса (құрылыс қалдықтары тиісті орыннан алынбаса), ескерту берілген тұрғындарға айыппұл салынады.  Айыппұл мөлшеріҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505  бабы бойынша 34500  теңгені құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Құрметті қала тұрғындары!

Өз қаламызға қамқорлықпен қарап, тазалықты барынша сақтайық!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.