Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Рухани керуен» Тараздан Байзаққа жол тартты

0 1  223

   Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұймдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, облыс жұртшылығы арасындағы мәдени және рухани байланысты күшейту мақсатындағы«Рухани керуен» өз жұмысын бастап Тараз қаласынан Байзақ ауданына жолға шықты.

Рухани керуенді шығарып салу салтанатын Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек және Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Қадірбекұлы Садубаев ашып берді.

«Рухани керуен» жоспар бойынша бір ауданға, ол ауданның керуені келесі ауданға ауыспалы түрде жалғасып отырады.

Керуенді күтіп алушы тарап келісілген тақырыпқа сай тұрғындардың әлеуметтік тобы және жас ерекшеліктеріне қарай түрлі ұлттық ойындар мен жарыстар, шешендік өнер мен бата беру, ене мен келіндер сайыстарын өткізеді.

Мерекелік іс-шаралар қорытындысы Тараз қаласында ұйымдастырылып, аудандарда ерекшеленген өнер иелерінің қатысуымен Гала-концерт өтеді. Аудандар белсенділігіне қарай облыс деңгейіндегі марапаттарға ие болады.

Тараз қаласынан Байзақ ауданына жол тартқан керуенге батагөй қария, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Жамалбеков Сауранбек ақ батасын беріп жолға шығарып салды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.