Қалалық қоғамдық-саяси газет

Роза Рымбаева ауырғанына қарамастан концертті жанды дауыста өткізді

0 1  177

Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаев биыл 65 жасқа толды. Мерейтойына орай Алматыдағы Республика сарайында кеш өткізген, деп хабарлайды Экспресс К.

Жеке кеше өтер алдында халық артисі тұмауратып ауырып қалған. Бұл туралы Ақбота Керімбекова жазды.

Роза Қуанышқызы концерттің қарсаңында қатты тұмауратып қалыпты. Соған қарамастан 100 пайыз жанды дауыста ән шырқап шықты, -деп жазды Ақбота Керімбекова.

Ол өз қатыса алмаса да, халықтың ыстық ықыласынан, естелік видеоларынан концерт деңгейін сезіндім деп айтты.

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева ауырғанына қарамастан концертті жанды дауыста өткізді

Мына видеода Роза Қуанышқызы менің «Жылдар-ай» атты әнімді орындап тұр. Мен бақытты өнер адамымын. Сізге ауыруға, қартаюға болмайды. Қазақ эстрадасын әлі талай биікке жетелеуіңіз керек. Халық сізді қатты жақсы көреді. Менде сол қатардамын, -дейді әнші.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.