Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жоба басталғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 885 бұйрығы).
Пилоттық жоба ЭШФ АЖ Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың шегінде жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету үшін тартылған өнім берушілер және (немесе) қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) МСА туралы шарттың деректерін енгізу жолымен, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарттарды (ресімдеуді (енгізуді) көздейтін айқындайды.
Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер болып табылатын өнім берушілер;
2) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер болып табылатын қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар);
3) мемлекеттік кірістер органдары.
Пилоттық жоба мәмілелер бойынша негізгі құжат айналымына мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ салық төлеушілердің контрагенттермен өзара іс-қимылын электрондық нысанға ауыстыруды қамтамасыз ету үшін әзірленген, бұл оның көлеңкелі айналымын орындау және азайту бойынша бақылау мақсатында тауарлар айналымының, баға белгілеудің мемлекеттік мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 87262568547 (Жамбыл облысы бойынша МКД ҚҚС әкімшілендіру бөлімі).
