Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әріптесіміз жүлдегерлер қатарында

0 344

Миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған қаралы кезеңді ел ұмытпақ емес. Халқымыз үшін қаралы күн болып табылатын оқиғаның мән-мағынасын кеңінен түсінуіміз керек. Мұндай мүмкіндік еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін ғана туындап отырғанын тереңірек ұғынған абзал.

Осыған орай Тараз төріндегі «Анаға тағзым» орталығында республикалық жас ақындар жыр мүшәйрасы өтті. Салтанатты шарада сөз алған орталық директоры Эльмира Мырза-Ғали шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.
– 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында «ҚАСІРЕТ пен ҚАСИЕТ» жас ақындар мүшәйрасы жарияланды. Байқау халқымыздың басынан өткен нәубет кезең оқиғаларын жырға қосып, қазақ даласын қасірет жайлаған сол кезеңде қасиетін жоғалтпаған аналардың шеккен азабын, жұтқан қайғысын өлеңмен өріп, бүгінгі ұрпақ санасына сіңіруді көздейді, – дейді Эльмира Иниятқызы.
16 мен 35 жас аралығындағы жас ақындар қатысқан жыр бәйгесінде 16 үміткер бақ сынады. Нәтижесінде 1-ші орынды қызылордалық Дина Бөкебай қанжығасына байласа, 2-ші орынға Айжан Сырымбетова лайықты деп танылды. Ал 3-ші орынды газетіміздің тілшісі, әріптесіміз Жұматай Көксубайұлы еншіледі.
Мүшәйра жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар табысталса, өзге қатысушылар арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Лаула Сейділда,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Конвергенттік журналистика» мамандығының 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.