Қалалық қоғамдық-саяси газет

Рим Папасы Қазақстанға сапары кезінде қандай іс-шараларға қатысады?

0 326

Рим Папасы Франциск Қазақстанға сапары кезінде қандай іс-шараларға қатыстаны белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

Рим Папасы Франциск 2022 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Бірінші күн бағдарламасында оның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері қарастырылған.

Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесуге қатысады деп күтіледі.

«Сонымен қатар, 14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді.

Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Папа Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тұңғыш сапары 2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында өткен. Папа Франциск Қазақстан астанасында дәстүрлі түрде үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын растаған Рим-католик шіркеуінің бірінші басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.