Қалалық қоғамдық-саяси газет

РФ СІМ: Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы туралы фейк көбейді

0 1  086

РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты фейктер көбейгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығына қатысты фейктердің күрт өскенін байқадық. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа дақ түсіргісі келетіндер көп екенін жоққа шығармаймын. Бұлардың мақсаты көрші екі елді араздастыру», – деді РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде 6-7 жылдан кейін қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сабақтар тоқтатылады деген ақпарат тараған болатын. Кейін бұл ақпаратты министрлік жоққа шығарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.