Қалалық қоғамдық-саяси газет

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы қатысты

0 245

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалына қарасты «ҚАЖсервис» ЖШС Жамбыл облыстық филиалы Жуалы ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының 564-565 шақырымында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мекеме тарапынан аталған акцияға 20 адам және 4 бірлік арнайы жол техникалары қатысты. Оның ішінде, жол бойын күл-қоқыстан тазалау, эстакадаларды және аялдамаларды сырлау, дәретханаларды ақтау, жол бойын және демалыс алаңын арнай техникамен сыпыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы «ҚАЖсервис» ЖШС ЖОФ-мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстар күнделікті негізде атқарылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.