Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейлік блогермен болған сұмдық жол апаты видеоға түсіп қалған

0 309

Желіде Мәскеудегі Кутузовский даңғылында ресейлік блогер Саид Губденский тізгіндеген BMW көлігінің екі көлікпен соқтығысқан сәті түсірілген видео пайда болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан Губденскийдің көлігі жүріп келе жатып сырғанап, қарсы жолаққа шығып кетіп екі көлікпен соқтығысқанын көруге болады.

Ресейлік БАҚ апатты блогер Саид Губденский ұйымдастырған деп жазады. Ол оқиға орнында көз жұмды. Онымен бірге көлікте Дағыстан автоспорты федерациясының президенті Заур Ибрагимов болған. Оның да қайтыс болғаны хабарланды.

Губденский Instagram-да автомобиль туралы видеолар түсірумен айналысқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.