Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 20 қарашада өтетін президент сайлауында қазақстандықтар дауыс бере алатын сайлау учаскелерінің мекенжайын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Ресейдегі Қазақстан елшілігіндегі № 265 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатыса алады.
«Учаскенің жұмыс режимі: Мәскеу уақыты бойынша сағат 7:00 – 20:00. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3 «А» (Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне барған кезде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет», – делінген хабарламада.
- Санкт-Петербург – Рылеев көшесі, 10 үй, № 290 сайлау учаскесі;
- Қазан – Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, № 301 сайлау учаскесі;
- Астрахан – 1-Аршанская көшесі, 17-үй, № 291 сайлау учаскесі;
- Омбы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй, № 292 сайлау учаскесі.
Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қазақстандықтар мына сілтемедегі форманы толтыруы керек.