Роскомнадзор Ресейде өткен аптада YouTube-ті бұғаттауы керек еді. Бірақ Instagram-ның бұғатталуына байланысты шешім кейінге қалдырылған болатын. Сондықтан бейнехостингке жақын күндері шектеу қойылуы мүмкін деп жазды Turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Келесі аптаның соңына қарай YouTube бұғатталады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Осы аптада бұғатталуы керек еді, бірақ Instagram бұғатталатын болғандықтан шешім кейінге қалдырылды», – деді дереккөз.
Сонымен бірге, ақпарат беруші бөгет бүгін де орын алуы мүмкін екенін айтты. Ведомство Роскомнадзордан ақпаратты растауды сұрады.
Еске салсақ, 11 наурызда желі қолданушылары ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыруға рұқсат бергендіктен, Ресейде Instagram-ға кіруге шектеу қойылған болатын. 14 наурыздан бастап әлеуметтік желі толығымен бұғатталды. Наурыз айының басында Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа кіруді шектегеніне жауап ретінде Facebook-ті бұғаттады. Ал 12 наурызда YouTube ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарын бұғаттай бастады.