Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ресей Тоқаевтың орнына үміткерін дайындап отыр» – БАҚ

0 2  423

Ресей  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына үміткер «сайлай» бастаған көрінеді. Оның есімі ­– Иманғали Тасмағамбетов-мыс. Бұл туралы  Ресейдің Этноұлттық стратегиялар агенттігінің Директоры Александр Кобринский айтты. Оның  пікірінше, Кремль үшін қазір Иманғали Тасмағамбетовтің кандидатурасы қолайлырақ көрінеді. Өйткені, ол соңғы кездері Ресейден іргесін аулақ сала бастаған Тоқаевқа қарағанда, Тасмағамбетовті әлдеқайда ресейшіл саясаткер деп есептейді. Сарапшы Қазақстанда қараша айында өтетін сайлауға байланысты NG («Новая Газета») басылымына осындай пікір білдірген.

Сондай-ақ кейбір Ақордамен етене телеграм арналар «Ресейдің Тасмағамбетовті Қазақстанның ҰҚШҰ-дағы өкілі ретінде көруді қалап отырғанын» меңзеп, сыбыс таратып отыр.

Ал Тасмағамбетов осыған дейін өзін қазақтілді, ұлтжанды әрі іскер азамат ретінде имидж қалыптастырды. Сондықтан оны ресейшіл саясаткер ретінде көзге елестету қиындау. Саясаттан да сырт қалды. Есімі ел жадынан көмескеленіп барады. Әрине, Кремль бәс тіксе, бәрі өзгеруі мүмкін.

Расымен де, Кремль Тоқаевтан көңілі қалып, Тасмағамбетовке иек артып отыр ма? Әлде, айтқанына көніп, айдауына жүрмеген Ақордаға қыр көрсеткені ме?  Әйтеуір, соңғы кездері өзі көпшіліктің алдына шықпаса да, сайлау жақындаған сайын Тасмағамбетовтің есімі жиі ауызға ілігуде.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.