Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресей әскері Еуропадағы ең үлкен АЭС-ті атқылап жатыр

0 364

    Украинаның Энергодар қаласында орналасқан Еуропадағы ең үлкен Запорожье атом электр стансасындағы бірінші энергоблокқа ресейлік әскерлер снаряд атты. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына  сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей әскерлері қазір Запорожье атом электр стансасын атқылап жатқанын хабарлады. Өрт әлдеқашан тұтанып үлгерген. Оның айтуынша, егер ол жарылып кетсе, оның салдары Чернобыль атом электр стансасы апатынан он есе жойқын болады.

Бұл туралы Киев уақытымен 4 наурыз күні сағат 2.14-те Telegram желісінде Запорожье АЭС баспасөз қызметінің өкілі Андрей Туз хабарлады.

«Запорожье атом электр стансасындағы өрт жалғасуда. Өрт сөндірушілердің өрт орнына жетіп, зардаптарын жоюы мүмкін емес. Олар оқ атуда! Бірінші энергоблокта соққы жасады» деді ол видеохабарламада.

«>«Рада» телеарнасының эфирінде Tуз 3 наурыз күні кешке 100-ге жуық ресейлік техниканың атом электр стансасының өнеркәсіптік алаңына бет алып, Запорожьеге кіргенін хабарлады.

 

«Дәл қазір әскери техника тікелей атом электр стансасын атқылап жатыр. Снарядтар тиіп жатыр. Дұшпандық техника қозғалып, тікелей АЭС-ке оқ атуда. Өндірісте түтін көрінді» деді Туз.

Сондай-ақ, ол АЭС-те пайдаланылған ядролық отынды сақтайтын қойма бар екенін айтты.

26 ақпанда Украина ішкі істер министрлігі басшысының кеңесшісі Вадим Денисенко ресейлік әскерилер қалаға жақындап, Энергодар мен Запорожье атом электр стансасына бағытталған «Град» зымырандарын орналастырғанын хабарлаған болатын.

«Энергоатом» NNEGC басшысы Петр Котин 2 наурызда қалаға кіре берістегі бақылау-өткізу бекетіне 22 мыңға жуық адам келіп, ресейлік әскерилердің жолын жауып тастағанын айтты. 3 наурызда орыс басқыншылары Энергодарға тағы да жақындап, оны оқ жаудырып, қалаға ене алды. Сағат 22:30 шамасында Энергодар әкімі жау техникаларының колоннасы АЭС жаққа қарай жылжып келе жатқанын, қалада қатты оқ дыбыстары естілген. 4 наурыз күні сағат 1:40 шамасында қала билігі басқыншылар стансаны атқылаған және сол жерде өрт шыққан.

Энергоатом әлемдік қоғамдастыққа үндеу тастап, Запорожье атом электр стансасының энергоблоктарын ауыр қарумен атқылау «Еуропадағы ең ірі ядролық нысанның ядролық және радиациялық қауіпсіздігін өрескел бұзу болып табылады. Бұл бүкіл әлем үшін ауыр және қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін» деп ескертті.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.