Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Реформалар мен стратегиялық бастамалар талқыланды

0 46

Бүгін Әулиеата ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасыне қарасты «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен стратегиялық бастамалар төңірегінде мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оның ішінде жастар саясаты, білім мен спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, дарынды оқушыларды анықтау, оларды жүйелі түрде қолдау, кәсіби бағдар беру және шығармашылық әрі спорттық әлеуетін дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Спорт резервін сапалы даярлау, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болашақ чемпиондарды тәрбиелеу жолындағы міндеттер де назардан тыс қалмады.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, мекеме қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай басқосулар өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтып, білім мен спорт саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға серпін беретіні атап өтілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.