Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Реформалар кезеңі: нақты шешімдер мен ұзақмерзімді мақсаттар»

0 30

Ерғали ӘБУҒАЛИ,
«Жастар Рухы» жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының төрағасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты – ел дамуының қазіргі ахуалына берілген нақты баға және алдағы кезеңге арналған стратегиялық бағдар. Мемлекет басшысы бүгінгі сын-қатерлерді жасырмай, экономикалық және технологиялық жаңғыруға негізделген жүйелі реформаларды жалғастыруға дайын екенін айқын көрсетті.

Президент атап өткендей, ел экономикасы санмен емес, сапамен өсуге тиіс. Инвестиция тарту, өндірісті күшейту, кәсіпкерлікті қолдау және қосылған құны жоғары салаларға көшу – негізгі міндет. Экономикалық саясаттың түпкі мақсаты да халықтың тұрмыс сапасын арттыру болып отыр. Жасанды интеллект пен цифрландыру – енді қосымша құрал емес, мемлекеттің стратегиялық бағыты. Бұл технологиялар мемлекеттік басқаруды тиімді етіп, өнеркәсіп, медицина, білім салаларында серпіліс жасайды. Қазақстан осы бағытта артта қалмауы керек, керісінше алдыңғы қатардан көрінуге тиіс.
Технологияны дамытатын да, экономиканы алға сүйрейтін де – адам. Сондықтан білім, ғылым және кадр даярлау мәселесі мемлекеттік саясаттың өзегінде болуы заңды. Жастарға инвестиция салу – ел болашағына салынған инвестиция. Экология, инфрақұрылым, қоғамдық жауапкершілік – барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. «Таза Қазақстан» – бұл тек қоршаған орта емес, ойдың, ниеттің, әрекеттің тазалығы.
Қорыта айтқанда, бұл сұхбаттың басты мәні – Қазақстан енді жаңа деңгейге шығуға дайын. Әділетті экономика, заманауи технология, саналы қоғам – алдағы дамуымыздың берік негізі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.