Қалалық қоғамдық-саяси газет

Реферндум – ел бірлігінің жаңа тұғырнамасы

0 1  252

Референдум бойынша «AMANAT» партиясының Тараз қалалық филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері Батырбек Құлекеев пен Дүйсенкүл Керімбаева «Минералды тыңайтқыштар» зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Батырбек Әбдірәсілұлы референдумның басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару үдерісіндегі рөлін күшейту болғандықтан, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

«Референдум, бұл – халыққа әлеуметтік келісім жасау үшін берілген үлкен мүмкіндік. Қазіргі қоғам азаматтарға ойын ашық жеткізетін уақыт. Ал алдағы референдум оларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді», – деді Д.Керімбаева.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұжым мүшелерін референдумға қатысуға шақырды.

Ұжым мүшелері Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді қолдайтындықтарын және референдумға ұжым болып атсалысатындықтарын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.