Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Референдум учаскесінде аниматорлардың шоу бағдарламасы ұйымдастырылды

0 43

 

Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде орналасқан №463 референдум учаскесінде келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында арнайы аниматорлардың шоу бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында көпшілікке танымал «Том мен Джерри» кейіпкерлері дауыс берушілерге қызықты ойындар мен көңілді көріністер ұсынды.

Мұндай мәдени-ойын-сауық бағдарламасы референдум күні тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, әсіресе балаларымен келген ата-аналарға ерекше қуаныш сыйлауға бағытталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.