Қалалық қоғамдық-саяси газет

Референдум: Тараздық Қойбағаровтар отбасымен дауыс берді

0 156
Отағасы Жамбыл Қойбағаров ел үшін маңызы шешім қабылданатын күні өз таңдауымызды жасадық дейді

Белсенді отбасы Тараз қаласындағы 3- мектеп лицей ғимаратында орналасқан 498 сайлау учаскесінде дауыс берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл Қойбағаров жеке кәсіпкер болса, жұбайы Іңкәр Айтқұлова мұғалім болып жұмыс істейді. Ал үлкен қызы Аружан Сағынбек банк қызметкері болса, 18 жасқа енді толған Әлихан Сағынбек  Назарбаев мектебінің тыңдаушысы екен.

– Біз «Арай» алабы, Тілеубердиев көшесінде тұрамыз. Дауыс беруге бару үшін таңертеңмен сағат бесте тұрдық. Отбасы болып дастарханнан дәм таттық. Бүгінгі күн — біздің отбасы үшін мереке. Еліміз үшін маңызды күнге біз де ерекше мән береміз. Ұлымыз Әлиханның азамат болып, 18 жасқа толып, алғаш дауыс беріп жатқанына қуаныштымын» дейді отағасы.

Айта кетейік, бүгін сағат 07:00 мен 20:00 аралығында ел азаматтары өз таңдауын жасайды. Облыс бойынша 508 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы 717 мыңнан аса жамбылдық референдумда дауыс беру құқығына ие

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.