Дауыс беру учаскелері арнайы дайындық науқаны аясында толық әзірленіп, таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Азаматтар өздерінің азаматтық борышын орындап, референдумға белсенді түрде қатысуда.
Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру учаскелеріндегі жалпы ахуал қалыпты. Кезекте тұрған тұрғындардың арасында достық әрі жағымды атмосфера қалыптасқан.
