Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Редакциядағы кезең әрқашан есімде»

0 55

Гульнара ЕСМАХАНОВА,
2013-2014 жылдары «Jambyl-Taraz» газетінде тілші,
бас редактордың орынбасарының міндетін атқарушы
қызметтерін атқарған

Әр дүйсенбіде редакция отырысында апталық тапсырма аламыз. Сондай бір тапсырма Отбасы күніне арналды. Осы тақырыпқа байланысты бір отбасы туралы мақала дайындау маған тапсырылды. Әрі оны екі тілде жазуымыз керек. Көп ойланбастан бәріне белгілі боксшылар, жас отбасы Олжас пен Айгерім Сәттібаевтар туралы материал дайындауға кірістім. Айгерім – менің жиенім, оның анасы Мереке сіңліме хабарласып, сол арқылы балаларға шықтым. Олжастар ол кезде «Қаратау» (2) шағынауданында пәтер жалдап тұратын. Екі сағаттай отырып, жас отбасының құрметін де көре білдім. Өзіміз отырып шай ішіп, спорттағы, өмірдегі қызықты сәттерін айта білді. Отбасылық альбомынан екі сурет таңдап, материалға қосуға сұрап алдым. Келесі дүйсенбіге тапсырманы орындап, екі тілде газеттің бір-бір бетін «Бақыттымыз біз бірге»-«Счастливы вместе» атауларымен сәрсенбідегі газет санына жарияладық.
Апта бойынша ең жақсы материалға бас редакторымыз сыйақы беретін. Онысы – біздерді қолдау. Сол аптаның 5 000 теңге сыйақысы маған бұйырды. Газет есепшісі Айдыннан алысымен оны да «жуып», бәрін бір қуантқаным бар еді. Осындай естеліктер, әрине, баршылық.

Атақты журналистер – Мақұлбек пен Дәкен Рысдәулет, Қазақстанның халық артистері – Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова және тағы да басқа белгілі азаматтардан алған сұхбаттар баршылық. Газетіміздің 20 жылдығына арналған кітапқа да шыққан. Сүйікті газетімнің тарихында менің де кішкентай болса да өз үлесім бар. Шүкір. Жасай бер, 30-дағы газетім! Аман болыңдар, әріптестерім!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.