Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әрбір ұсыныс назарға алынуы керек»

0 216

Қала әкімі  Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен «Тараз қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу» жобасы аясында кездесу өтті. Кеңеске қалалық бөлім басшылары мен «Қолдау» ЖШС-нің өкілдерә қатысты.

Жиын барысында жобаның негізгі тұжырымдамалары, құрылымы мен орындалуы таныстырылды . Аталған жобаға қатысты қоғамдық тыңдаулар жуырда өткізілген болатын. Сәйкесінше, екі апта бойы қала инфрақұрылымына қатысты азаматтардың пікірлері мен ұсыныстары қабылданып, нәтижесінде компания өкілдері талап-тілектерді жобалық схемаға енгізді. Жобаның мақсаты – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, экономиканы жақсарту, қаланы басқарудың тиімді тетігін құру.

Өз кезегінде шаһар басшысы жобаның ауқымды екенін, оны іске асыру кезінде туындайтын кедергілерді ескеріп, әрбір ұсынысты назарға алу керектігін атап өтті. Сондай-ақ басқосу барысында қаланың көлік инфрақұрылымына қатысты негізгі мәселелер қозғалды. Бұл тұрғыда жоба жоспары әлі де толықтыруды талап етеді. Енді атқарушы компания барлық ескертулер мен ұсыныстарды жүйелеп, енгізетін болады. Ол үшін серіктестікке екі апта мерзім берілді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.