Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрбан айт ізгілікке үндейді

0 322

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мерекенің күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше. Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт жұртшылықты бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.
Бұл – ағайын мен туыстың ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша жанды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мереке. Құрбан айт күні адамдар құрбан шалып қана қоймай, сауапты, ізгі амалдар жасайды.
Қадірлі жамағат!
Алланың разылығы, ел-жұрттың амандығы ниет етіліп, мейірім мен кешірімге шақыратын Құрбан айт мейрамы барша жанұяның ырысын арттырып, берекесін молайтсын! Бұл мерекеде тілеген ізгі тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!
Әрбір отбасына амандық, зор денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.