Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрақ Оразбаев ерекше жандарды қуантты

0 304

Театр саласының майталманы Құрақ Оразбаев облыстық мүгедектер және оңалту орталығының қызмет алушыларымен кездесті. Құрекең кезінде көптеген басты рөлдерде ойнаған, Арғынбай Бекбосынның «Домалақ ене» қойылымында Ақсақ Темір бейнесін керемет сәтті сомдаған актер.

Сондай-ақ бұл іс-шараға кезінде театр саласында еңбек еткен Маяра Дәуренбаева да қонақ болып қатысты. Іс-шараны аталған орталық директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Айгүл Түменбаева ашып, қонақтарға алғысын білдірді.
Әсерлі кездесуде Қ.Оразбаев өзінің өнермен өткен өмір жолынан толғана сыр шертті. Актерліктің қыры мен сыры, қиындығы туралы кеңінен толғады. «Қойылымда өз рөліңді алып шығу бір бөлек. Өзің сомдап жатқан тарихи адамның әр сәтін, бүкіл өмірін білуің керек. Сонда ғана көрерменді сендіре аласың. Ал олай іздену қиынның қиыны», – деді актер. Ал ертеректе «Қуыр-шақ» театрында өнер көрсеткен Маяра Дәуренбаеваның естеліктері де көпшілік көңілінен шықты. Қызмет алушылар қонақтарға өз сұрақтарын қойды. Қонақтар кеш барысында осындай рухани сұхбаттарға жол ашқаны үшін аталған орталықтың директоры Қарлығаш Бибазароваға да өз алғыстарын білдіріп отырды. Іс-шараның әсерлі өтуіне кітапханашылар да үлестерін қосты.
Іс-шараны директордың орынбасары Айгүл Тоқтасынқызы қорытындылап, қонақтарға рақметін айтып, сыйлықтар ұсынды.

Қарлығаш Дәуірбаева,
облыстық мүгедектер және оңалту орталығының кітапханашысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.