Қалалық қоғамдық-саяси газет

Рұқсат құжаттарсыз медициналық қызмет көрсету – заңсыз!

0 1  343

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексіне (бұдан әрі –Кодекс) сәйкес, медициналық қызмет денсаулық сақтау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне жатады.

Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру рәсімі мен хабарлама жасау тәртібі Кодекспен (2-параграф) және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңымен регламенттеледі.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңына сәйкес, рұқсат алу жеке және заңды тұлғаларға – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне; реттелетін кәсіптік қызметпен айналысу құқығына ие жеке тұлғаларға; жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, бірақ өз қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерімен бірдей рұқсаттар алуға міндетті жеке және заңды тұлғалар.

Жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді. Рұқсат құжаттары қызмет басталғанға дейін алынуы керек.

Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттарының біріне, қызметтің осы түрін жүзеге асыру жоспарланып отырған объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жатады.

Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері «электрондық үкіметтің» веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы көрсетеді. Осы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 күн. Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесін ұсыну қажет.

Неили Муликова,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.