Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Жамбыл облысында екі күнде 18 күрделі операция жасады

0 2  429

ҚР ПІБ Медициналық орталығының тәжірибелі мамандары Жамбыл облысында екі күн бойы нейрохирургия, онкология, гинекология және басқа саласында консультациялар, презентациялар мен шеберлік сабақтар өткізіп, 18 күрделі операция жасады.

Өткізілген іс-шаралар барысында өзекті мәселелер талқыланып, пайдалы дағдылар айтылды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды. Ұсынылған әдістердің кейбірі бұл аймақта бұған дейін қолданылмаған еді.

Еліміздік үздік нейрохирургтері Марат Саршаев пен Мыңжылқы Бердіқожаев Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында 40-дан астам пациенттерге кеңес беріп, операциялар жасады. Бұл жұмыс тәжірибесі Жамбыл өңірінде емдеудің жаңа заманауи әдістерін енгізуге елеулі үлес қосатыны сөзсіз. Қиын аурудан зардап шегіп келе жатқан пациенттердің ойламаған жерден үздік дәрігердің жоғары білікті медициналық көмегін алуы – жолдарының болғаны дейді облыс дәрігерлері.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы және Жамбыл облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» – Жамбыл облысындағы медицина сапасын арттыруға, өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халық үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған іс-шара.

Осыған дейін Медициналық орталықтың делегациясы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстары және Шымкент қаласында болып қайтты. Осы форматтағы іс-шаралар биыл еліміздің басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.