Қалалық қоғамдық-саяси газет

Рәміздерді қастерлеу – баршаға парыз

0 1  605

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі. Сол себепті тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық нышандары қабылданған 1992 жылдың 4 маусымы – еліміздің тарихындағы айтулы күн.

Дәл осы күні егемен еліміздің көк туы еркін елдің көк аспанында желбіреді. Ал еліміздің Ата Заңының 9-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар», – деп көрсетілді. Сондай-ақ осы Заңның 34-бабының 2-тармағында «әркім республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» деп тайға басқан таңбадай айқындалып жазылды.
Расында, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті әрқайсысымыз өзіміздің жүрегімізге ұйытып, жастарымыздың құлағына, жүрегіне, сана-сезіміне сіңірсек қана олар Отанының нағыз патриоты болып өседі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет елге, жерге, Отанға деген құрметті білдіреді. Сол себепті көк туымыз көгімізде желбірегенде, Әнұран орындалғанда тік тұрып, оң қолымызды жүрек тұсымызға ұстап тыңдауды насихаттау – саясаттың басым бағыттарының бірі.
Аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатымен Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Жиынға облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Шынар Қашқынбек, Тараз қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева, Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Еркебұлан Алтынбеков қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Басқосуға шақырылған басқарма, департамент, инспекция, құқық қорғау органдары, жоғары және арнаулы оқу орындарының мамандары, сонымен қатар денсаулық сақтау, білім, спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер және кітапхана қызметкерлері рәміздерді заң шеңберінде қолданудың талаптары жайында толыққанды мағлұмат алды.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.