Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әр дәуірдің өз міндеті бар!

0 754

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сәлемов Серік Жақсылықұлы

Серік Жақсылықұлы 09.10.1972 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында туған. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Білімі:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы (2006-2008 жж.) Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті (2000-2002 жж.) Заң- гер – құқықтану, Қазақ мемлекеттік сәулет-құры- лыс Академиясы (1989-1994 жж.) Инженер- құрылысшы.

Атқарған қызметтері:

2021 ж. – қазіргі уақытқа дейін – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аппарат басшысы, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры;
2017 ж.- 2020 ж. – жеке кәсіпкер;
2010 ж. – 2017 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі басқармалар басшысы, комитет төрағасының орынбасары;
2004 ж. – 2010 ж. – Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты;
2002 ж. – 2004 ж. – Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің аппараты;
1996 ж. – 2002 ж. – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты;
1994 ж. – 1996 ж. – Жамбыл облысы Жамбыл ауданында коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде тері өткеруші, директордың орынбасары, құрылыс мастері.

Халықаралық тәжірибе:

АҚШ, Индианаполис университеті оқу курсы, халықаралық тәжірибе алмасу.
Ұлыбритания, Лондон, тәжірибе алмасу.
Түркия, Анталия, «British Culture» тіл оқыту мектебі.

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығы»,
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы»,
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы»,
«Ерен еңбегі үшін» медальдары.
Қоғамдық қызметі: Жамбыл облыстық Ұлттық каратэ-до шотокан федерациясының президенті.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы

ЭКОЛОГИЯ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ:

• өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу және ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану (химия- лық сектор және тау-кен өнеркәсібі);
• атмосфераны ластайтын зиянды қалдықтар деңгейін азайтатын заманауи тазарту жүйесін орнату мәселесін шешу;
• суармалы жерлерді қалпына келтіру, сумен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін шешу;
• ауылға тиесілі жайылым жерлердің тапшылығын шешу.

ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ САПАЛЫ БІЛІМ:

• жергілікті ғылыми кадрларға жағдай жасау;
• аудандық, қалалық білім бөлімдерін басқару жүйесіне өзгерістер енгізу;
• тозығы жеткен мектептердің орнына заманауи үлгідегі жаңа мектептер салу.

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ:

• халыққа мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін медициналық кепілдендірілген көмек түрлерін арттыру;
• кәсіби кадрлармен және заманауи жабдықтармен жарақталған жаңа медицина объектілерін ашу және ауыл тұрғындарын мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
• ұлттық спортты дамыту.

Тапсырыс беруші: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сәлемов С.Ж.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.