Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Путин оңбай қателесті, билігі 1 жыл ішінде құлайды» – Марко Папич

0 784

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіруге шешім қабылдаған кезде қателік жіберді. Ол өз мемлекеті мен армиясының шектеулі мүмкіндіктерін, сондай-ақ украиндықтардың қазіргі кездегі қарсылығын ескермеді. Мұндай есептен жаңылыс салдарынан Путин өз билігін жоғалтып алуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Clocktower Group компаниясының бас стратегі Марко Папич жасады, деп жазады Bloomberg. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды. 

Оның пайымдауынша, Путиннің Ресей көшбасшысы ретінде сәтсіздікке ұшырауы алдағы 12 айдың ішінде орын алуы мүмкін. Сарапшы саясаткерлер шектен тыс қате шешімдер қабылдап, шектеулі мүмкіндіктерін елемеген кезде, жазаланатынын атап өтті.

«Біріншіден, украиндар өте, өте қатты соғысуда. Екіншіден, ресейлік әскерилердің нақты соғыс жүргізу тәжірибесі болған жоқ. Үшіншіден, Украина басып алу үшін өте қиын жер», – деп Папич Путиннің қателіктерін тізіп берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.