Қалалық қоғамдық-саяси газет

Пробация қызметі: Қоғамдық жұмыстан жалтарған 9 сотталғанның жеке ісі сотқа жолданды

0 404

Жыл басынан бері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Тараз қалалық №3 пробация қызметінің есебінен 48 сотталған өтіп, оның 32-і қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазіргі таңда олар көшелерді сыпырып, шаһардың тазалығына үлес қосып жүр.

Айта кетейік, қоғамдық жұмыстың тәрбиелік мәні тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Қоқыс тазалап жүрген жазасын өтеуші азаматтар екінші рет шалыс баспауға тырысады. Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Қалық ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған жазасын өтеушілердің жеке ісі сотқа жолданғанын жеткізді.
– Егерде сотталған жұмыстан бас тартқан жағдайда пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – қамаққа алумен ауыстыру туралы ұсыныс жолдайды. Жыл басынан бері дәл осындай 9 сотталғанның құжаты Тараз қалалық №2 сотына жолданды, – деді Қ.Ерболатұлы.

Ринат Ақышев,
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің инспекторы әділет майоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.