Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президенттікке үміткерлер болғандардың қатары азайып жатыр

0 151

Кезектен тыс Президент сайлауына 12 үміткер тіркелген. Орталық сайлау комиссиясы бүгін олардың бірнешеуінің құжаттары талапқа сай еместігін мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бірден үш үміткер тізімнен шығып қалды. Атап айтсақ, теңгенің алғашқы авторы, сәулетші Хайролла Ғабжәлеловке Қазақстанда тумағаны және мемлекеттік қызметте бес жыл істемегені кедергі келтірген. Ол — Қарақалпақстанның тумасы.

Қазақстан құрылысшылар одағы атынан ұсынылған Талғат Ерғалиев мемлекеттік қызметте бар-жоғы үш жыл ғана еңбек етіпті.

«Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Фатима Бизақованың да жағдайы солай. Мемлекеттік қызметте 5 жылдық өтілі жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.